Көктемнің жаршысы, жыл басы Наурызды көпшілік табиғаттың жаңаруы, мол дастарқан, жақындармен көрісу үшін жақсы көреді. Сонымен қатар әз-Наурыз — бізді тарихымызбен, мәдениетімізбен байланыстыратын, мыңдаған жыл бойы сақталып келе жатқан мереке.
Яндекс Лавкамен бірге біз үш қазақстандық блогер — Айжұлдыз Адайбекова, Айым Сейтметова мен Біржан Әшімге қонаққа бардық. Әр отбасыдағы Наурыз дәстүрлерін жалғаушылармен танысып, бұрын және қазір Наурызды қалай қарсы алғанын сұрадық. Сондай-ақ мерекенің мәнін тереңірек түсіну үшін тарих ғылымдарының кандидаты Салтанат Асановамен сұхбаттастық.
Мақалада Наурыздың ежелгі кезде қалай тойланғанын және қазір қалай атап өтіліп жүргенін, неліктен төс қағыстырып құшақтасу дәстүрге айналғанын және дастарқанның қандай жоралғылық мәні бар екенін біле аласыздар.

Айжұлдыз Адайбекова
креатор, инфлюенсер
Отбасындағы мереке
Айжұлдыз үшін Наурыз — жақындардың ортасы, Талғардағы үй және мол дастарқан. Айжұлдыздың отбасында дәстүрдің басты сақтаушысы әрдайым анасы болған. Ол көп сапарлап, гастрольдерге шығатын, бірақ Наурызға міндетті түрде үйге оралып, өзінің ерекше рецепті бойынша наурыз көже дайындайтын. «Ол қайда болса, мереке де сонда болатын», — дейді Айжұлдыз. Қазақ отбасыларында дәстүрді көбіне әжелер мен аналар сақтайтыны белгілі.
Айжұлдыздың әулетінде салт-дәстүр ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді, бірақ ара-тұра жаңа нәрселер де пайда болады.
«Менің бір ритуалым бар: отырып, жарты сағат бойы барлық мақсаттарымды жазамын. Көп адам мұны 31 желтоқсанда, Жаңа жылда жасайды, ал мен — 22 наурызда».
— Айжұлдыз
Наурыз көже
Айжұлдыздың отбасында Наурыздың тағы бір сақтаушысы — оның апайы Амангүл. Ол үшін мерекені наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Рецепт Амангүлге анасы мен әжесінен мұра болып қалған. Наурыздың өзіне тән иісі бар. Амангүл үшін мереке сүр еттің сорпасының иісімен байланысты.
«Біз жыл сайын бүкіл отбасымызбен Наурызды атап өтеміз. Алдын ала — бір-екі күн бұрын дайындаламыз. Қыстан сақталған етті — қазы, сүр етті шығарамыз. Қазанға сүйегімен ет салып, түрлі өнімдер қосамыз: тұз, су, айран, сүт, бидай, кеспе — үйде не бар, соның бәрін қосуға болады. Ең бастысы — наурыз көже дайын болуы керек. Оны бүкіл отбасы ішеді. Наурыз көже ішсең, жыл бойы тоқшылық болады, береке, молшылық болады, қазан әрдайым толы болады деп есептеледі».
— Амангүл
Мол дастарқан
Наурызда мол дастарқан жайып, оны отбасыңмен, көршілермен және достармен бөлісу — ерекше маңызды. Бұл дәстүр бізге ежелден жеткен, Айжұлдыздың отбасы оны әлі күнге дейін сақтап келеді.
«Қарқынды өмір салтына қарамастан, мен сақтап қалғым келетін ең басты нәрсе — бүкіл отбасыға дәмді тағам дайындау, бауырсақ, жеті нан пісіру, үлкен, дәстүрлі, керемет дастарқан жасау».
— Айжұлдыз
Наурызда жайылатын мол дастарқанның маңызы неде?
Карточканы аудару үшін басыңыз
«Дастарқан қазақ мәдени дәстүрінде сакралды мәнге ие. Бұл әдет ежелгі заманнан бері бастапқы қалпына жақын түрде сақталған. Ритуал құрбандық шалумен байланысты: дастарқан басына отырудан бастап, тағамдарды, мал мүшелерін жеуге дейін.
Наурыз көженің әрбір құрамдас бөлігі де символдық мәнге ие. Ең алдымен су, сүт, ет және дәнді дақылдардың молдығы туралы айтылады — яғни дәстүрлі қоғамда өмір мен шаруашылықтың негізін құраған дүниелер».
Салтанат Асанова, тарихшы

Біржан Әшім
блогер
Отбасындағы мереке
Біржан олардың отбасында ешкім ешқашан Наурызды міндеттеп тойлатпағанын еске алады, бірақ осы кезеңде адамдар қарыздарын кешіріп, ренжіскен болса, татуласуға тырысатынын байқаған. Сонымен қатар ата-анасы — Сапарғали мен Мүслима Әшімовтардың Наурыз дәстүрлеріне ерекше мән бергенін көріп өскен. Олар мерекені тек өз отбасында ғана емес, бүкіл қалада жаңғыртқан.
Кеңес уақытында Наурыз үлкен мереке ретінде қабылданбады: егер атап өтсе, тек тар отбасылық шеңберде ғана тойланды. Барлығы 90-жылдары өзгерді. Сол кезде Сапарғали Қарағанды облысындағы Қаражал қаласында мәдениет сарайының директоры болып жұмыс істеген.
«Ол кезде адамдар бұл мерекенің не екенін және оны қалай тойлау керектігін толық түсінбейтін. Сондықтан әдет бойынша, кеңестік мерекелер сияқты атап өтетін. Кейін бұл мерекенің түркі халықтарына тән екені түсінікті болды (…) Біз — осы шағын қаланың мәдениет, өнер адамдары — мерекенің бастамашылары болдық. Әрине, үлкендерден, ақсақалдардан бұрын қалай болғанын сұрап білдік. Әркім білгенін айтып берді».
— Сапарғали
Ананың естеліктері
Біржанның анасы Мүслиманың айтуынша, Наурызды тойлау дәстүрі біртіндеп олардың өмірінің бір бөлігіне айналған:
«Мектепте әрдайым көп іс-шара болатын: көктемгі демалыс басталатын, шамамен 19–20 наурызда үлкен жәрмеңкелер, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, мұқтаж жандарға, қарттарға, ардагерлерге, зейнеткер мұғалімдерге көмектесетінбіз. Осылайша мереке қоғам арқылы отбасымызға келді».
— Мүслима
Наурыз бүгін
Қазір Біржанның отбасы Наурызды жыл сайын атап өтеді: Мүслима міндетті түрде наурыз көже дайындайды, олар қонаққа барып немесе қонақ қабылдап, балаларымен, немерелерімен бірге жиналып, бір-біріне жылы сөздер айтады.
«Біз жаттанды сөздерді емес, шын жүректен айтылған тілектерді жақсы көреміз. Өйткені әр отбасында түрлі оқиғалар, жетістіктер болады. Оны атап өтіп, бір-бірімізді қолдап, шабыттандыру маңызды. Наурыздағы осы тілектер сәті маған ерекше есте қалады. Біз бір-бірімізді тыңдау және өз ойымызды айту үшін жиналамыз», — дейді Мүслима.
Сапарғали өз отбасын қазақ халқының бір бөлшегі деп санайды және әлі күнге дейін Наурызды тойлауды үйреніп жүргенін айтады.

«Ең алдымен, балалар мен немерелер осы күні бірге болуға ұмтылса екен деймін. Олар Наурызда ең үлкендердің үйі бар екенін әрдайым есте сақтаса. Қазір біз жұбайым екеуміз сол рөлдеміз. Әр Наурызда балаларымыз бен немерелеріміз жиналып, кейін бұл дәстүрді өз балаларына жеткізсе екен дейміз — бірге болу дәстүрі».
— Сапарғали
Неге біз әлі күнге дейін Наурызды атап өтеміз?
Карточканы аудару үшін басыңыз
«Наурыз — ежелден қалыптасқан дәстүр. Бұл мереке табиғатпен байланысты. Қыста дүние тоқтап қалғандай көрінеді: күн шуағы жоқ, қақаған суық пен аяз. Бірақ кейін жаңару, қуаныш келеді. Наурыз табиғатпен, өмір сүру салтымен, біз тұрған жермен байланысты. Сондықтан, кеңес дәуірі кезінде оны жоққа шығарса да, мереке жойылмады. Бұл мейрам біздің ұлттың өмір сүру формасымен байланысты. Бізде „кіндік қаны тамған жер“ деген жақсы сөз бар».
Салтанат Асанова, тарихшы
Салтанат Асанова, тарихшы
Айым Сейтметова
Актриса және блогер
Отбасындағы мереке
Айымның отбасында Наурыздың сақтаушылары үлкен буын өкілдері болған. Мысалы, әжесі әрдайым наурыз көже дайындайтын, ал балалар сыртта асық ойнайтын. Қазір өмір ырғағы өзгергенімен, актрисаның отбасы дәстүрді сақтауға тырысады.
Айымның анасы Данагүл олардың отбасында Наурыз көрісуден басталатынын айтады — қыс өткеннен кейін адамдар бір-бірімен кездесіп, амандасады. Бұл дәстүр Қазақстанның батысында кең таралған, Данагүл де сол жақтан шыққан. Наурызға дейін адамдар бір-біріне қонаққа барып, туыстарын аралайды.

«Біз кішкентай кезімізде дәстүрдің мәнін онша түсінбейтінбіз. Кейін әжелерден, туыстардан, анамыздан сұрап, көрісудің не екенін білдік — міне, бір жыл өтті, бәріміз аманбыз, табиғат жаңарып жатыр, біз кездесеміз».
— Данагүл
Жаңа киімдер
Наурыздың тағы бір маңызды бөлігі — жаңару идеясы. Бұл кезеңде адамдар ескіні артта қалдырып, жылды тазалық сезімімен қарсы алуға тырысады. Бұл жаңа немесе таза киім кию дәстүрінен көрінеді.
«Біз кішкентай кезімізде ата-анамыз Наурызда міндетті түрде жаңа нәрсе кию керек деп айтатын. Біз әдемі аяқ киім, көйлектер таңдайтынбыз. Бізге қыс аяқталып, Наурыз келе жатыр, сондықтан жаңа киім кию керек деп түсіндіретін. Осылай есімде қалыпты».
— Данагүл
Тілек тілеу
Наурыз — көшпелілер үшін Жаңа жыл және көктемнің басталуы. Қыстан шығу қиын болғандықтан, жылыну мереке ретінде қабылданған. Айымның отбасында Наурызға қатысты тағы бір міндетті дәстүр бар:
«Алғашқы наурыз көжені ішкенде тілек тілейді. Бұрын Жаңа жылда шырша жанында, сыйлық ашқанда тілейтінбіз, ал қазір — наурыз көже ішкенде. Бұл ерекше, әсерлі сәт, сол кезде адамның ішінде бір нәрсе өзгергендей болады. Адам табиғат сияқты қысқы ұйқыдан оянғандай. Тілек тілегенде, жыл сәтті өтетіндей сезім пайда болады».
— Данагүл
Көрісу дәстүрі қалай пайда болған?
Карточканы аудару үшін басыңыз
Наурыз — бұл көктемгі (көктеу) және жазғы (жайлау) жайылымдарға көшетін уақыт. Қыстау кезінде рулас қауым бөлшектеніп, туыстар бір-бірінен жырақтайды. Өйткені қысты көп адаммен және малмен бірге өткеру мүмкін емес. Ал көктемгі және жазғы жайылымдарға көшу басталғанда, туыстар қайтадан бас қосады. Туыстар кездесіп, жаңалықтарын бөлісіп, қайтыс болғандарға көңіл айтып, дүниеге келген сәбилерге бата беріп, қыстан аман-есен шыққанына, осы сынақтан өткеніне қуанады. Көрісудің міндетті атрибуты — жылы құшақ.
Салтанат Асанова, тарихшы
Салтанат Асанова, тарихшы
Мол дастарқансыз Наурыз — Наурыз емес.
Яндекс Лавка сіздің мерекелік дастарқаңызға қажетті азық-түлік пен дайын тағамдарды тез жеткізуге әрдайым дайын.
Яндекс Лавка сіздің мерекелік дастарқаңызға қажетті азық-түлік пен дайын тағамдарды тез жеткізуге әрдайым дайын.